Ақпарат мәселесіне қатысты заң жобасы бойынша тараптардың ұстанымы бір жерден шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заң жобасын әзірлеуге ақпарат саласының мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың және қоғам өкілдерінің жан-жақты атсалысуына мүмкіншілік бердік. Сонымен жоба әзірленгеннен кейін көптеген талқылаулар мен қызу пікірталас болды. Бүгінгі таңда көпшіліктің ұсыныстары ескерілгеннен кейін қоғам енгізген бағыттар бойынша ұстанымыз бір арнаға тоғысты деп айтуға болады. Бұл ең алдымен қоғамдық бірлестіктер мен ақпарат құралдары өкілдерінің ашық диалогының арқасы деп білемін», - деді заң жобасын талқылауға арналған жиын барысында министр.

null  

Оның атап өтуінше, заң жобасы көпшіліктің талқылауына шығарылғаннан бастап 50-ден астам ұсыныс түсіп, соның 70 пайызы енгізілген.

«Бүгінгі күні жоба Үкіметте қарастырылып жатыр. Жобада 250-ге жуық түзетулер қамтылған. Осы арқылы 4 кодекске пен 1 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылып отыр», - деді Абаев.

Соңғы жаңалықтар