Ақпан-сәуір аралығында Байқоңырдан екі ұшырылым жасалады

None
None
БАҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Роскосмос Халықаралық ғарыш стансысының (ХҒС) бағдарламасы бойынша алдағы таяу уақытта жасалатын ұшырылымдардың кестесін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Роскосмос комиссиясының шешіміне сәйкес, 2017 жылдың ақпан-сәуірі аралығында ХҒС бағдарламасы бойынша екі ұшырылым жасау жоспарланған.

Атап айтқанда, «Прогресс МС-05» транспорттық жүк кемесі 2017 жылдың 22 ақпанында ұшырылады. Ал «Союз МС-04» транспорттық басқарылатын кемесі (ТБК) ғарышқа 2017 жылдың 20 сәуірі күні жол тартады. 

Соңғы жаңалықтар