Ақордада денсаулық саласындағы жемқорлық мәселесі қаралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіxалықованың төрағалығымен Президент жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел дамуының маңызды әлеуметтік мәні бар басым бағыттарының бірі ретінде денсаулық сақтау саласын атап өтті. Мемлекет басшысы дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдары саласындағы тәртіпті реттеу қажеттігіне айрықша көңіл аударды. Президент өз сөзінде цифрландыру мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін де ерекше атап өткен», - деді комиссия төрайымы Гүлшара Наушақызы отырыстың ашылуында.

Комиссия отырысында денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық мәселесінен бөлек «Цифрлық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шаралары қаралды.

Айта кетейік, алдағы уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің шекті бағасын енгзуді көздейді.

Сондай-ақ, жалған препараттарға қарсы арнайы жүйені енгізіп жатыр.

Ал «Цифрлық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы күні кеше арнайы респубикалық кеңесте қаралды.

Алдағы уақытта Қазақстанды цифрландыру жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, цифрландыру барысында елдің ақшасыжелге ұшпауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар