Ақорда Нұрсұлтан Назарбаевтың Дональд Трамппен түскен суретін жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың Instagram-дағы ресми парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен бірге түскен суреті жарияланды. 

Бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен "АҚШ-Ислам әлемі" саммиті барысында кездесті. Нурсултан Назарбаев встретился с Президентом США Д.Трампом на полях саммита "США-Исламский мир"

Публикация от AkordaPress (@akordapress) Май 21 2017 в 11:22 PDT

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әңгімелесті. Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды.

Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар