Ақмоланың жастары мен құрылысшылары төл мерекелерін атап өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тұңғыш рет Халықаралық жастар және Құрылысшылар күніне орай Қопа көлінің жағасында «OpenAir» шоу концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен қос мереке ерекше мазмұнды әрі айрықша болды. Оған жиналған қала тұрғындары мен жастардың, құрыш қолды құрылысшылардың қарасы мейлінше көп болды.

Шара барысында ағымдағы жылдың 3-9 тамызы аралығында жұмысшы жастар арасында өткен «Таланттар алаңы-2017» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.

Көкшетаулықтар әнші Әли Оқапов, «Алау», «Аюми», «VoxAcapella» және «Ziruza» топтарының концертін тамашалады. Әсіресе, жас, талантты әнші Әлидің көкше жастарына ән шырқауы тыңдармандарға тосын сый болды. Заманауи әндерімен жастардың жүрегін жаулаған өзге әншілер де Қопа көлінің жағасын әсем әуенге бөледі.

Айта кетейік, шоу-бизнес өкілдерін өздерінің кәсіби мерекелеріне орай өңірдегі құрылыс компаниялары шақыртқан. Концерттік бағдарлама соңы «Dj Soulia», «Dj Green» және «Dj Kramp» жастар дискотекасы мен мерекелік отшашуға ұласты.



Соңғы жаңалықтар