Ақмолалықтарға жаппай тұмауға қарсы екпе егілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында -тұрғындарға жаппай тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. 

Дәрігерлердің мəліметі бойынша, қазірдің өзінде облыс бойынша 6 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе алған. Ағымдағы жылдың 1-шы қазанынан бастап, 31-ші қазанына дейін халық көп шоғырланған елді мекендердегі тұрғындарға екпе егу жоспарланған.

Көп жылғы талдау көрсеткендей, мамандар Аққмола облысы аумағында тұмаудың эпидемиологиялық маусымы қазаннан сәуір айына дейін жалғасатынын болжап отыр.

Осы мақсатта вакцинаны негізінен (асқынған өкпе, жүрек-қан тамырлары, иммунитеті төмен, жиі-жиі ауыратын балалар мен балалар үйі, мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және қариялар үйі мен медицина қызметкерлері, жүкті әйелдерге) егу көзделген.

«Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша 6076 адам тұмауға қарсы екпе алған. Сонымен қатар, қосымша жұмыс берушілердің жеке қаражаты есебінен де екпе алу қарастырылған. Ақылы екпені Көкшетау қалалық емханасында алуға болады. Мұндағы вакцинаның құны 1950 теңгені құрайды. Вакцинаның қорғаныс әсері екпе алғаннан кейін 14 күн өткен соң басталып, 6 айдан 12 айға дейін жалғасатын болды. Жалпы, бүгінгі күні Ақмола өңірінде тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты», деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов.

Соңғы жаңалықтар