Ақмолалықтар жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен табанды күрес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдікті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктем-жаз маусымы кезінде өңірде құм және қиыршық тас сияқты құрылыс материалдарын ұрлаумен айналысатын жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың қарасы көбейеді. 

Жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар аудан, облыс бюджетіне салық төлеуден жалтарса, енді бір жағынан қоршаған ортаға экологиялық зардаптар әкелуде.

Ағымдағы жылдың басында аймақ басшысы жер қойнауын пайдалануда заңсыздыққа жол бермеу үшін 2018 жылы жүзеге асырылатын шаралардың жоспарын бекіткен болатын.

«Қазіргі кезде, Астана агломерациясы аймағында 111 кеніші жұмыс істейді. Ақмола облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы олардың келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізіп отырады. Былтырғы жылы 27 келісімшарт бұзылды, 29 жер қойнауын пайдаланушыға келісімшартағы міндеттемелерін орындамағаны туралы ескерту жасалды. Биылғы жылдың басынан бері 3 келісімшарт өз күшін жойды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Мәлік Мырзалин ІІД мен көлік инспекциясының басшылығына және астаналық аудандардың әкімдеріне жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың жолын кесу жұмыстарын ширатуды тапсырды.

Фото: kmv.gorodskoitelegraf.ru

Соңғы жаңалықтар