Ақмолалықтар көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын бастады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан бастап көктемде ерiген қар суын қауiпсiз өткiзу және автожолдарда кедергi туындамау үшiн көпiрлер мен су өткiзетiн қондырғыларды тазалау жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазгидрометтiң болжамына сәйкес су ағысы нормадағыдан екi есеге жуық жоғары болады деп күтiлiп отырған Астана, Сiлетi және Шағалалы су қоймалары ерекше бақылауда ұсталуда. Осыған байланысты су ресурстары комитетiмен бiрлесiп, артық қарғын суды ағызудың кестесi жасалды.

Гидротехникалық қондырғыларда шлюздердiң, көтергiш механизмдердiң және тағы басқа құрал-жабдықтардың қатып қалмауына жол бермеу үшiн алдын-алу шаралары қарастырылуда. Болжам бойынша Жабай, Колутон және Есiл өзендерiнде су деңгейiнiң көтерiлу қаупi бар. Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бұланды, Есiл, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград және Шортанды аудандарында инженерлiк қорғаныс үшiн 34 шақырым дамба тұрғызылды, сондай-ақ, өзендерде сеңді жару жұмыстары жүргiзiлетiн орындар белгiлендi.

Атбасар қаласын көктемгi су тасқынынан қорғау үшiн ұзындығы 8,9 шақырымды қамтитын бөгет салу және оны бекiту жұмыстары атқарылды. «Новопэк» ЖШС барлығы 52 мың дана қап дайындалды және қажет болған жағдайда оның қосымша қоры жасалды. 166,2 тонна жанар-жағар май, 18,2 тоннадан астам инертті материалдар дайындалды.

Аршалы ауданының Жiбек жолы ауылындағы «Безымянная» бөгетiн зерттей келе, елдi-мекендi тасқын судан қорғау және судың өзiн бұру мақсатында инженерлi шаралар қолға алынуда. Көктем кезiнде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында облыстық, қалалық және аудандық бюджеттен барлығы 101,5 миллион теңге, су тасқыны туындай қалған жағдайда 93,3 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр. Сондай-ақ, ықтимал шұғыл шығындар үшiн 778,5 миллион теңгенiң қоры жасалды.

Соңғы жаңалықтар