Ақмолалықтар көгілдір отынға қол жеткізуі мүмкін

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтардың көгілдір отынға қолы жетуі мүмкін. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің республиканы газбен қамтамасыз етудің жобасын таныстыру мақсатында өңірге жұмыс сапарымен келген «GLOBAL GAS REGAZIFIKATION» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен өткен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде серіктестіктің бас директоры Саулиди Панайету LNG инновациялық технологиясы негізінде баламалы энергияның жаңа көзін іске қосу жобасымен таныстырды. Елімізде экология мен қоршаған ортаны ластанудан сақтау, халықтың денсаулығын қорғау мəселелеріне зор көңіл бөлініп келеді. Осы орайда, экологиялық тазалықтың бірден-бір кепілі республика аумағын газдандыру мәселесі ерекше назарда. Өйткені, газ  көмір мен дизель отынына қарағанда, зиянды қалдықтардың ауаға таралуын 70-90 пайызға азайтады. Газ стансасын мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағдарламасы арқылы салу көзделген.

«Біздің жобамыз республиканы газбен қамтамасыз етудің бас жоспарына сәйкес келеді.  Осы мақсатта 2016 жылы Астана «Тұран» стансасын іске қостық.  Қазіргі кезде халық оның қызығын көруде.  Ақмола облысында LNG инновациялық технологиясы негізінде 8 ауданда жобаны жүзеге асыруды көздеп отырымыз. Жалпы, 2021 жылы бұл жоба толық жүзеге асырылуы керек. Бірінші кезекте Щучинск-Бурабай курортты аймағын газдандыруды қолға алу көзделген. Жоба қолдау тапса мемлекеттік-жекешелік серіктестік бағдарламасы шеңберінде жүргізіледі. Көкшетауда жылу энергия орталығын салу жоспарда барын білеміз. Бірақ та, газ стансасын салу одан гөрі анағұрлым арзанға түседі», - деді Саулиди Панайету.

Өз кезегінде облыс әкімі аталған жоба экономикалық және экологиялық жағынан алғанда өңір тұрғындары үшін аса маңызды болып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат ету құжаттары мен ақпаратты ұсынуға көмектесетін білдірді.

Соңғы жаңалықтар