Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 340.11
EUR 407.93
RUB 5.91
CNY 51.61

Ақмолалық жауынгердің сүйегі 72 жылдан кейін еліне жеткізілді

Ақмолалық жауынгердің сүйегі 72 жылдан кейін еліне жеткізілді
2017 жылғы 27 маусым 11:40 1490

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан ақмолалық жауынгер Қамаш Бекмұхамбетовтың сүйегі 72 жылдан кейін еліне жеткізіліп, жерленді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жауынгердің сүйегі өткен жылы Калининград облысының Багратион қалалық округі аумағынан табылған. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрылысшылар алдымен жауынгердің сүйегін, одан соң «Қызыл жұлдыз» орденін тауып алған. Кейінірек мұрағат құжаттарынан табылған орден нөміріне қарап, оның қызыл әскер Қамаш (шын аты Қамидолла)  Бекмұхамедовке берілгендігі анықталады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталған екен. Шығыс Пруссия жерін азат ету үшін болған шайқастардың бірінде хабарсыз кеткен деген мұрағат құжаты сақталыпты.

Қамаш Бекмұхамедов «Қызыл жұлдыз» орденін бүгінде Кубановка аталатын Горокупенен елді мекенін жау әскерінен азат ету шайқасында көрсеткен жанқияр ерлігі үшін алыпты.

Туыстары еркелетіп Қамаш атап кеткен жауынгер 1917 жылы Еңбекшілдер ауданында ауыл молдасының отбасында дүниеге келген. Әкесі дін өкілі ретінде қуғынға ұшырап, кейін атылады. 1942 жылы әскер қатарына алынып, қысқа мерзімді дайындықтан өткен соң бірден майданға аттанады. Туыстары кейінірек Ерейментау ауданының Өлеңті ауылына қоныс аударған. Тура 72 жыл өткеннен кейін жауынгері еліне жеткізіліп, жерленді. Ұлын күтумен сарғайған марқұмның анасы да 1975 жылы дүниеден өткен екен.

 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Жеңіс күні,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер