Ақмолалық ұстаз халықаралық байқауда жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмолалық ұстаз Алматы қаласында математика, физика жəне информатика пəндерінің мұғалімдері арасында өткен 5-ші халықаралық шығармашылық байқауында жүлделі үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Ақмола облысының білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, байқауға облыстық турдың жеңімпаздарды қатысты.

Олардың арасында Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Сергей Гартунг үшінші орыннан көрінді.

«Білім деңгейін анықтау жыл өткен сайын қиындап келеді. Өйткені, білім кеңістігінде ақпарат көлемі ұлғая түсуде. Бізден барған мұғалім физика және математика пәндері бойынша үздік ондыққа енді. Барлық əріптестеріме шығармашылығы мен кəсіби шеберліктері арта берсін дегім келеді»,- деді Сергей Гартунг.

null 

Соңғы жаңалықтар