Ақмолалық спортшылар республикалық спартакиадада 14 алтын медаль алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Мүмкіндігі шектеулі ақмолалық спортшылар республикалық спартакиадада 14 алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі берген деректерге қарағанда, осы күндері Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылардың арасында 5-ші республикалық спартакиада өтуде. Оған еліміздің әрі өңірінен келген спортшылар қатысып, бақ сынауда. Оның ішінде ақмолалықтар тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы, пневматикалық винтовкадан нысана көздеу, суда жүзу және жүгіру сияқты спорттың 11 түрінен жарысуда.

Құлақ кемістігі бар, тірек қимыл аппараты бұзылғандар арасында өтіп жатқан додада ақмолалықтар командалық есепте 14 алтын, 11 күміс және 5 қолға медальға қол жеткізді. Алда әлі жарыстың бір аптасы бар. Ендеше, Ақмола облысы құрамасының қоржынына әлі біраз медаль түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар