Ақмолалық спортшы кір тасын көтеруден Қазақстан рекордын орнатты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар гир спорты бойынша ел біріншілігінде екі алтын медаль жеңіп алса, Меруерт Сүлейменова Қазақстан рекордын орнатты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаға сілтеме жасап. 

Талдықорғанда гир спорты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа республиканың барлық облыстарынан 200-ге жуық адам келген.

Ақмола облысынан 13 спортшы қатысты. Бірден екі ақмолалық чемпион болды. 63 келі салмақ дәрежесінде - ҚР спорт шебері Денис Долгашовке тең келер спортшы болмады.

Сондай-ақ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Меруерт Сүлейменова 63 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Ол «Жұлқа көтеру» жаттығуында 152 рет көтеріп, Қазақстан рекордын орнатты.


Екі спортшы да қазан айында Латвияда өтетін гир спортшы бойынша әлем чемпионатына қатысуға лицензия алды.

95+ салмақ дәрежесінде Николай Щербинин мен 58 келідегі салмақ дәрежесінде Виктория Меренцова күміс жүлдеге ие болды.
«Қола» медальді Владислав Болухин (63 кг), Павел Захарчук (85 кг) пен Әлібек Жанболат (85+) жеңіп алды.



Спортшыларды жарысқа Сергей Прохоров, Асхат Әшімов, Салтанат Халибек және Бақтияр Жұмабеков дайындады.

Ардагерлер арасында 50 жастағы Асхат Әшімов (85 кг) қола жүлде алды.

Соңғы жаңалықтар