Ақмолалық полицейлер республикалық спартакиадада 2-орын алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық құқық қорғау органдарының қызметкерлері республикалық 6-шы жазғы спартакиадада үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыс бойынша «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының республикалық 6-шы жазғы спартакиадасы мəресіне жетті.
null 

Жарысқа құқық қорғау органдары, қарулы жəне арнайы күштердің қызметкерлерінен құралған 229 адам қатысты.

Ақмолалықтардың арасында жекелей есепте полицияның аға лейтенанты Рахметулла Сатыпалдиев, Нұрсұлтан Қосшығұлов жəне  Нұрлан Мусинов жеңімпаз жарыс жеңімпазы атанды.
null 

 Сондай-ақ, Дəурен Назаров екінші, Медет Сағындықов үшінші орыннан көрінді.
Жалпы, командалық есепте Ақмола облысы алаң иелерін алға жіберіп  екінші орын алды. Ал 3-ші орын Алматы облысына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар