Ақмолалық полицей жетім қызды асырап алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полиция батальоны 1-ші взводының инспекторы, полиция лейтенанты Жеңіс Құлмағанов жарымен бірге өзіңнің туған үш ұлын және бір асырап алған қыз баланы тәрбиелеп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жеңіс Құлмағанов көп жылдар бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде адал қызмет етіп келеді.

Жеңіс үш ұлдың әкесі. Ол әйелімен бірге осыдан бір ай  бұрын ДЦП ауруымен ауыратын қыз баланы Алматыдағы № 2 балар үйінен тәрбиелеуге алған. Алғашында дәрігерлер қыздың сауығып кететініне күмəнмен қараған болатын. Алайда, Умида есімді қыз бала медициналық көмектің нəтижесінде қазіргі кезде ауруынан айығып келеді. Жеңіс қыз баланы асырап алу туралы жан жолдасы ұсыныс жасағанын айтуда.
«Отбасым үлкен əрі тату. Отбасының бақытты болуы кез келген адамның арманы. Жақында жарым Айнагүл үш ұлымыз бар, енді бірі қыз асырап алайық деді. Мен оны бірден қолдадым. Отасқанымызға 16 жыл болды. Мен өзімді ең бақытты жанмын деп есептеймін», - дейді отағасы. 

null 

Соңғы жаңалықтар