Ақмолалық паралимпиадашы-пауэрлифтер Әлем кубогында «күміс» еншіледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық паралимпиадашы-пауэрлифтер Давид Дегтярев Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Дубай қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында пауэрлифтингтен Әлем кубогы өтті.

Жарысқа әр елден келген мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Оның ішінде бәсекенің үшінші күні ұлттық құраманың сапында болған атбасарлық Давид Дегтярев 54 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері алғашқысында 143 келіні бағындырса, екінші мүмкіндігінде 147 келіні оңай көтерді.

Айта кетейік, жерлесіміз мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Мерген» спорт клубында тәжірибелі тәлімгер Юрий Колесниковтың жетекшілігімен жаттығады.

Жақында Давид ағымдағы жылдың қазан айында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Пара Азия ойындарына дайындығын бастамақ.



Соңғы жаңалықтар