Ақмолалық оқушылар Тянь-Шань тауының биік шыңын бағындырды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық мектеп оқушыларыТянь-Шань тауының биік шыңын бағындырып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қараша айының соңында Ақкөл қаласының әскери-патриоттық клубының «Эдельвейс» командасы «АКМОЛИАДА» экспедициясы аясында Алматы қаласына атанған болатын. Экспедиция Солтүстік Тянь-Шань тауына саяхат жасап, биіктігі 4 010 метр Абай шыңына шықты.

Экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Азия желі» жобасы бойынша жасақталды. Оның жетекшісі Александр Казаченко болса, қатысушылары Виктор Шачнев және «Турист» балалар шығармашылық үйі студиясының тәрбиеленушісі Анна Халезина.

«Экспедиция алғашқы күні «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» тау шаңғысы базасы, Талғар асуы, Саурықсай шатқалы, Богданович мұздығынан өтіп, Тянь-Шань тауының солтүстік-батыс жотасы арқылы Абай шыңына бет алды. Сол күні ауа райының жайсыз болғандықтан экспедиция шатыр тігіп, тауда қонуға мәжбүр болды. Таңертең күннің ашылғаннын күткен экспедиция сапарын жалғастырып, аталмыш шыңның басына жетті. Осы жерде («Акмолиада» Көкшетау-Ақкөл)» деп жазумен естелік көк лента байланған қазықты орнатты», деп атап өтті Александр Казаченко.

Сонымен қатар, экспедиция мүшелері Алматы қаласындағы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткіштері және 28 панфиловшылар паркіндегі Даңқ мемориалының Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қойды. Даңқты батыр Бауыржан Момышұлының ескерткіші сияқты оңтүстік астананың тарихи орындарында болды.

Соңғы жаңалықтар