Ақмолалық кәсіпкерлер Беларусь технологиясымен танысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер Беларусь технологияларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларынан құралған делегация Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласы және Минск облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда болды. 

Минск қаласында қазақстандық делегация беларустік ауыл шаруашылығы  тауарларын шығаратын кәсіпорындардың қатысумен «Сандық технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында өткен ғылыми - тәжірибелік конференцияға қатысты.

Беларусь  елінің тәжірибеде көрсетілгендей сандық технология арқылы ресурс пайдалануды үнемдеуге және өнім шығаруда кәсіпорын шығынын азайтуға,  сондай - ақ, бәскелестікті арттыруға болады.

Қазақстандық делегация пестицид шығаратын «Август-Бел» компаниясында болып, зауыттың орталық зертханасы, өндірістік корпус, коэксн ыдыстар шығаратын цех, қойма және қалдықтарды өндеу жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығы, тұқым шаруашылығы, дәнді дақылдар және картоп пен қызылша өсірумен айналысатын «Гастелловское» АҚ өндіріс процесстеріне қанықты. Қазіргі замаңғы озық технологияны қоландып отырған шаруашылық ісі оң басуда. Әсіресе, робототехниканың қолдаундың арқасында еңбек өнімділігі ұлғайып, өндіріс көлемі мен өнім сапасы арта түсті.

«Ақмола облысында ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған. Оның ішінде Жарқайың ауданы аграрлы өңір саналады. Беларустарда ауыл шаруашылығы саласына үлкен ден қойып отыр. Сондықтан, екіжақ саланы дамыту бағатында бір-бірімен тәжірибе алмасқаны маңызды», деп атап өтті Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан. 

Оған қоса, ақмолалықтарға Минск қаласындағы ат спорты орталығы да таныстырылды.

Сапар соңында ақмолалық делегация Жарқайың ауданында көткемгі тұқым себу науқанына дайындық бойынша агрокеңес ұйымдастырылатынын оған Мәскеудің «Exact Farming» компаниясының мамандары қатыстырлатынын атап өтті. Сонымен қатар, өңірде пилоттық жоба негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде кешенді түрде сандық технология енгізілетіні де айтылды.

Соңғы жаңалықтар