Ақмолалық дзюдошылар халықаралық турнирде 6 медаль олжалады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық дзюдошылар Омбы қаласында өткен халықаралық турнирде 2 алтын, 1 күміс жəне 3 қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қазақстан және Ресейдің Орал, Сібір өңірлерінен келген 400-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.

Татамиге шыққан ақмолалықтардың арасында 6 спортшы жүлделі орындардардын көрінді.

Оның ішінде 2002 - 2004 жылы туғандар арасында Самат Тілеубергенов пен Бекболат Жұманиязов жаттықтыратын 46 салмақта Қажымұрат Теміртасов чемпион атанса, екінші және үшінші орындарды Айбек Жұмағұлов және Диас Пойызбаев  өзара бөлісті. 

Сонымен қатар, 2005-2007 жылғы жеткіншектер арасында 50 келі салмақта Сергей Александров қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Ал,  Арлан Айбас (38 кг.) және Арлан Қабиден (66 кг) үшінші орыннан көрінді. Бұл спортшыларды Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде Николай Дураченко  жаттықтырады.

Соңғы жаңалықтар