Ақмолалық диқандар 4,7 млн гектардан астам алқапқа дән егеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының диқандары биыл 4,7 миллион гектардан астам алқапқа дән себуді межелеп отыр. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Мəлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен агрокеңесте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Кеңесте баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаевтың айтуынша, көктемнің келуімен, диқандар үшін де ең жауапты кезең басталды. Олар бірер күннен соң көктемгі дала жұмыстарына кіріскелі отыр. Алда қауырт жұмыс күтіп тұр. Осы орайда, көктемгі егіс науқанын тиімді уақытта жүргізіп, сапалы өнімге қол жеткізу үшін бар күшімізді, өндірістік және кадрлық әлеуетімізді жұмылдыруымыз қажет.

«Облысымыздың өткен жылғы ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік кешенінің даму нәтижесін қорытындылай келе, көктемгі дала жұмыстарының және орақ науқанының ұйымшылдықпен өткізіліп, заманауи технологиялардың енгізілуінің арқасында облыстың аграршылары 2017 жылы гектар берекесін 12 центнерден айналдырып 5,1 миллион тонна өнім алғанын атап өткіміз келеді.

Биылғы жылы облыс бойынша егісті 4,7 миллион гектардан астам алқапта жүргізу жоспарланған. Оның 4,3 миллион гектарына дәнді дақылдар сіңіріледі. Оңтайландыру аясында негізгі азық-түлік дақылы- жаздық бидай 3,7 миллион гектар алқапқа себіледі», - деді А.Үйсімбаев.

Соңғы жаңалықтар