Ақмолалық армрестлингтен əлем чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық армрестлингтен əлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының мәліметі бойынша Венгрия астанасы Будапешт қаласында дүниежүзілік армрестлинг федерациясының қолдауымен əлем чемпионаты өтуде.

Байрақты додаға Қазақстан құрамасы сапында 3 ақмолалық спортшы қатысуда. Жерлестеріміздің арасында Дмитрий Тюков алтын  медальға қол жеткізді. Ақмолалық ақтық сында түркиялық спортшыны айқын басымдықпен жеңді. Үшінші орын ресейлік спортшыға бұйырды.

Дмитрийдің жаттықтырушы Илья Ильиннің айтуынша, спортшы бұл жарысқа мықтап дайындалған.

«Мен Диманың жеңетініне сенімді болдым. Мен армрестлингпен 11 жыл бойы айналысып келемін. Оның ішінде 8 жыл жаттықтырушы ретінде облыста армрестлингтен əлем чемпионын тəрбиелегенімді мақтан тұтамын», деді Илья Ильин.

Еске сала кетейік, армрестлингтен əлем чемпионаты қыркүйектің 2-і басталып, 11-не дейін жалғасатын болады. 

Соңғы жаңалықтар