Ақмолада желіге әдепсіз суреттерін жариялаған мемқызметшілер жауапкершілікке тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында әлеуметтік желіге талапқа сай емес суреттерін жариялаған мемлекеттік қызметшілер жуапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты 2017 жылы 14 отырыс өтіп, онда 86 мәселе қаралған. Оның ішінде көбі жемқорлыққа қарсы іс қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы алдын алу шаралары төңірегінде болды. Оған қоса, тәртіптік істерді қарау қорытындысы бойынша 22 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке (5 -мемлекеттік қызметінің абыройына нұсқан келтіру, 17- Әдеп кодексін бұзу) тартылды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Әдеп кодексінің сақталуын бақылау мақсатында 88 тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде 39 заңнама бұзушылықты жою туралы ұсыныс жасалды. Шағымданған  31 азаматтың құқығы қорғалды. Оған қоса, 10 тәртіптік іс қозғалды.

null 

Ал, 2017 жылдың наурыз және тамыз айлары аралағында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілеріндегі 4 мың жеке парақшаларына жүргізілген  мониторингтің қорытындысына сай әшкерлейтін мінезде 270 сурет анықталды.

«Олар мемлекеттік қызметшінің шетелде демалу сәті, көңіл көтеру орындарында алкогольдік ішімдіктер және қару бейнеленген суреттері. Осыған мемлекеттік мекемелерге ақпарат хат жолданып, суреттер мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларынан алынып тасталды.  Оның ішінде 17 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды», деп түсіндірді Дархан Хайруллин.

null 

Соңғы жаңалықтар