Ақмолада 12 жасар қыз есірткі сатқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірімді ауыр қылмыс жасауға тарту оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ағымдағы жылдың маусым айында есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді. Күдіктілерден ірі көлемде, яғни, 16 граммнан астам көкнәр тәркіленді. Оған қоса, қолданылмаған инъекциялық шприцтар мен 182 мың теңге ақша табылды. Сонымен қатар, полицейлер қылмыстық топтың басшысы Ақкөл ауданының тұрғыны 30 жастағы келіншекті ұстады.

«Барлық оқиғаға байланысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша (заңсыз есірткі саудасымен айналысу) қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдастырушы мен онымен бірге тұратын ер адам және есірткіні жеткізіп беруші уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылды. 30 жастағы келіншек сыбайласымен бірге өзінің кәмелеттік жасқа толмаған 2005 жылы туған қызын қылмыстық әрекетіне тартқан. Үйінде өзі жоқта қызына телефон арқылы клиент келетінін айтып, есірткі сатуға итермелеген. Қазіргі кезде, жасөспіріммен психологтар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, ұсталынған келіншектің анасы қызды қамқорлыққа алу туралы құжаттарды рәсімдеп үлгерді. Ал, күдіктілердің үстінен екі бірдей бап бойынша (есірткі саудасымен айналысу және кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірмді қылмысқа тарту)  қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары одан әрі жалғасуда», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегі мамандар.

Соңғы жаңалықтар