Ақмола жұртшылығы латын әліпбиіне көшуді қолдайтындықтарын білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола жұртшылығы латын әліпбиіне көшуді қолдайтындықтарын білдірді. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен өткен форумда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкшетау» мәдениет сарайында өткен шараға ғылыми және шығармашылық интеллегенция, этномәдени және қоғамдық бірлестік өкілдері, депутаттар корпусы және жастардан құралған 400-ден астам адам қатысты.

Шарада аймақ басшысы Мәлік Мырзалин сөз сөйлеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында латын әліпбиіне көшу туралы маңызды тапсырма бергенін атап өтті.

«Осы жүктеліп отырған жауапкершілікті сезіне отырып, баршамызға ортақ іс, яғни, латын графикасына көшуді жүзеге асыру жолында Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды білу үшін жиналып отырмыз», деді Мәлік Мырзалин.
null

Форумда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы Марал Хабдулина, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филилология ғылымдарының докторы Белгібай Шалабаев, Ольга Анищенко, педагогика ғылымдарының кандидаты Нелли Жұмағұлова, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі Наталья Дементьева баяндама жасады.

Филология ғылымдарының кандидаты, Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Нұртас Ахат латын жазуына көшу бұл уақыт талабы екенін атап өтті.

«Латын әліпбиіне көшу уақыт талабы және ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді...», деді Нұртас Ахат.

Ал, жазушы-аудармашы Ғосман Төлеғұл аталмыш реформа біздің халқымыз үшін тарихи маңызы зор қадам болып отырғандығы туралы тұщымды ойымен бөлісті.

«Қоғамдық сананы жаңғыртуда ұлттың рухани жағынан дамуы үшін осындай қадамға бару ауадай қажет. Қазақстанның ширек ғасырда жеткен жетістіктерін ескерсек, біздер бұл асуды да қиналмай алатынымыз күмәнсіз», -деді Ғосман Төлеғұл.

Жалпы, формуға қатысушылар өз ой-пікірлерін айта келе, бірауыздан латын әліпбиіне көшуді қолдайтындықтарын жеткізді.

«Латын әліпбиіне ауысу бұл Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығына жақындай түсетінін білдіреді. Дүниежүзі елдерінің көбі осы латын жазуын қолданады. Келешек ұрпақ латын жазуымен қазақ тілін оқи отыра, ағылшын тілін де тез меңгеріп кетеді. Шетелдіктерге де қазақ тілі мен әліпбиін меңгеруге жеңіл болатыны сөзсіз. Бұл Қазақстанның ғаламдық ақпарат кеңістігіндегі үдерісі, біздің барлық сандық ресурстар мен мәдени мұрамыз латын әліпбиін қолданатын елдер мен халықтарға қолжетімді болар еді»,- деп көрсетілген Ақмола жұртшылығының үндеуінде.

Соңғы жаңалықтар