«Ақмола жұлдыздары» облыстық байқауының жеңімпаздарына жаңа автокөліктер тапсырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда  «EХPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттік рəміздерінің 25 жылдығына арналған «Қуатты Қазақстан - баянды болашақ!» атты «Ақмола жұлдыздары» облыстық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті болып өтті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі. 

«Көкшетау» мəдениет сарайында ұйымдастырылған концертке аймақ басшысы  Мəлік Мырзалин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, үздік өнері мен шығармашылық жетістіктері үшін бас жүлденің иегерлері атанған Көкшетау қаласы, Бұланды, Целиноград аудандарының əкімдері мен мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімдеріне «Лада», «Нива» автокөліктерінің кілттерін табыс етті. 

3

Шара басталмас бұрын мəдениет сарайының алаңында  ұйымдастырылған этноауылда ұлттық рəсімдер көрсетіліп, астрахандық «Əжелер» ансамблі əн-жырдан шашу шашып, Атбасар, Бұланды, Бурабай 

аудандары мен Степногорск қаласының сəн театр студиясының көрсетілімі қойылды. 

Қолөнер шеберлері дайындаған көрме көз тартар əсемдікпен ерекшеленді. Одан əрі көрме ұлттық костюмдер шеруімен жалғасып, декоративті-қолданбалы халық шығармашылығы шеберлерінің жəне Ақмола облыстық суретшілердің туындыларымен астасып гала-концертке ұласты.

Атаулы шара ең үздік шығармашылық ұжымдар - көкшетаулық домбырашылардың орындауында Құрманғазының «Адайы» 

4

жəне Зеренді аудандық «Арқа əуендері» фольклорлық ансамблі, Қорғалжын, Көкшетау халық би ансамбльдері өнерімен басталды. Əсіресе, «Мираж» халық би ансамблінің «Тұлпар» биі (Аршалы ауданы) өнер десе ішер асын жерге қояр көрерменін бір серпілтіп тастады. Ерейментаулық «Ақбұлақ» қобызшылар ансамблінің орындауындағы «Дала дастаны», Көкшетау 

қаласының «Арай», Атбасар ауданынан «Родничек» би ұжымы, Еңбекшілдер аудандық дуэті, Целиноградтан «Інжу-маржан», Бурабайдан «Гауһартас», атбасарлық «Вайнах» би ансамбльдеріне қоса, Сандықтау ауданынан «Реверанс»би ансамблінің композициясы жұртшылықты тəнті етті. 

Одан əрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Төлеген Мұхамеджановтың əні «Город мой», Степногорск балеті, Целиноград ауданынан бірнеше республикалық байқаулардың жүлдегері Мұратбек Хайролда, көкшетаулық Асхат Байтілеу мен Айнара Бұзаубасова, ерейментаулық Ал-ияр Алдасүгіров, бұландылық Алина Левченконың жеке дауыста шырқаған əндері жүректі тебірентпей қоймады.

2

Гала-концерттің соңы «Қамажай» биімен көмкеріліп, сахнаға көтерілген облыс əкімі Мəлік Мырзалин ризашылыққа толы құттықтау сөзін жолдады. 

"Көркемөнерпаздар байқауына қатысушылардың саны жыл сайын 

көбейіп келеді. Жылма-жыл дəстүрлі түрде өткізілетін бұл ауқымды шара бүгінгі күні өнердің ең биік шыңына жеткендей əсерге бөледі",- дей келе, аймақ басшысы байқауға қатысушыларды марапаттады.

Байқауда үздік шығармашылық жетістіктері үшін Аршалы, Астрахан, Зеренді, Жақсы аудандары компьютер, Бурабай, Ерейментау, Ақкөл аудандары сахналық жарық беру жиынтығымен жəне дипломдармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар