Ақмола жастары «Рухани жаңғыру» акциясына қолдау білдірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудағы «Тәуелсіздік» алаңында жалпы республикалық «Рухани жаңғыру» жастар акциясына аясында іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара «Юность» облыстық педагогикалық жасағының бастамасымен, облыс оқу орындарының студенттері мен жастардың қоғамдық ұйымдарының белсенділері қатысуымен ұйымдастырылды. Акцияда «Ақмолалық пікір-сайыс лигасы» жастар көшбасшы ұйымының өкілі Əнуəрбек Бекжан мен «Ділмар» пікір-сайыс клубының президенті Бердібек Жазира сөз сөйледі.

Жастар ұйымдарымен ұйымдастырылған флешмобта қатысушылар Тəуелсіздік алаңында  «ЖАҢҒЫРТУ 3.0» сөзін тізді. Шара жастардың хип-хоп фестивалі мен "Open Air"-ге ұласты.

Соңғы жаңалықтар