Ақмола Өзбекстанмен сауда-саттықты дамытпақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин Өзбекстан Республикасы Сырдария облысының делегациясын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Делегация құрамында Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Икром Назаров пен осы елдің Гүлистан қаласының хокимі Шерзод Исматуллаев және бірқатар іскер азаматтар болды.
null

Кездесуде тараптар өңірлер арасында экономика, туризм, сауда, денсаулық, мəдениет және спорт саласын дамыту мəселесін талқылады.
null

Осы ретте, аймақ басшысы Мəлік Мырзалин мəртебелі меймандарға облыстың əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Сонымен қатар, облыста екіжақты əріптесік қатынасты нығайту үшін экономиканың барлық салалары бойынша мүмкіндіктердің мол екенін атап өтті.
null

 Еске сала кетейік, 2017 жылдың 6 айында Ақмола облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында сауда- айналымы  44 524,7  мың АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 45,3 пайызға артық.
null

Кездесу соңында Ақмола облысының әкімдігі мен Сырдария облысының хокимияты арасында сауда-экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық саласындағы өзара əріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар