Ақмола облысының туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысының туризм басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының кеңесшісі Марат Иғалиге сілтеме жасап.

Данияр Зиябекұлы Идиятов 1983 жылы Көкшетау қаласында туған.

2006 жылы Туркияның Балыкесир университетін туризм факультеті бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазТур» ЖШС (Интурист - Thomas Cook) Астана филиалында басшы ретінде бастады. 

2011-2012 жылдары АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тілдер курсынан өтті.

2012-2016 жылдары Астанадағы «Проспект-Недвижимость» ЖШС директоры орынбасары болды.

2016 жылы Астанадағы «Turoteka.kz» ЖШС директоры.

2017 жылы Ақмола облысының «Туристік ақпараттық орталығы» КММ басшысы қызметін атқарды.

Түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар