Ақмола облысының төрт ауданында күзгі егін орағы жұмыстары аяқталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының төрт ауданында күзгі егін орағы жұмыстары аяқталды. Қалған аудандар шешуші кезеңде барлық күшті жұмылдырып, егін оруды бірер күнде аяқтауды көздеп отыр.

Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының диспетчері хабарлады.

Диспетчердің дерегіне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 4 миллион 130 мың гектардың немесе барлық егістік алқабының 95,4 пайыз астығы жиналған.

«Қазіргі кезде облыста күзгі егін ору науқаны аяқталуға жақындай түсті. Орақ жүріп жатқан аудандар барлығы негізгі күшті осында жұмылдыруда. Соңғы мәліметтерге қарағанда облыс бойынша қамбаларға 5 миллион 431 мың тонна астық құйылды. Орташа гектар түсімі 13,1 центнерден айналуда. Ақкөл, Еңбекшілдер, Ерейментау және Есіл аудандарының диқандары науқанды алғашқы болып аяқтап отыр», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар