Ақмола облысының соттарында ауыс-түйіс болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізіп, жаңа тағайындаулармен таныстырды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» ҚР Президентінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 426 Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Бақытжан Нұрмағамбетов Есіл аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Аршалы аудандық сотына төраға қызметіне, Саят Төребеков Зеренді аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына судья қызметіне тағайындалды.

Аталған Жарлық бойынша Бурабай аудандық сотының судьясы Баян Әділбекова зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

Облыстық сот төрағасы судьяны құрмет демалысына шығарып сала отырып, сот жүйесіндегі ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, аталған Жарлықпен Көкшетау қалалық сотының төрағасы Мәди Көшікбаев және Есіл аудандық сотының судьясы Роллан Тоқтаров республиканың басқа соттарына тағайындалуына байланысты қызметтерінен босатылды», - деп көрсетілген таратылған хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар