Ақмола облысының наркоорталық қызметкерлеріне жалақы қарызы қайтарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданының Раздольное ауылындағы Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы басшылығының қызметкерлер алдында еңбекақы бойынша қордаланып қалған 7,5 миллион теңге қарызы толық өтелді. Басшылық қызметкерлеріне 2018 жылдың 1 қаңтар және 15 сәуір аралығына дейін жалақы бермей келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша ҚР Үкіметінің қаулысымен ҚР ІІМ жанында жұмыс істеген есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы республикалық меншіктен облыстық әкімдікке тапсырылды.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының бірыңғай перспективалы жоспары шеңберінде 2018 жылдан бастап, Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы мен облыстық психикалық аурухананы қосу арқылы, аталмыш орталық «Ақмола облыстық психикалық денсаулық» ШЖҚ МКК кластеріне енгізілді.

Қазіргі кезде, Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы негізінде аталған медициналық мекемелер қайта ұйымдастырылуда.
Еске сала кетейік, аталмыш орталық медициналық нысаны болып табылады және есірткіге тәуелді адамдарға әлеуметтік-психологиялық, оңалту қызметтерін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар