Ақмола облысының аймақтық брендтері анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Көкшетау қаласындағы облыстық филиалында «Ақмола облысының аймақтық брендтері» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен «Жасыл болашақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары «Өндірістік саладағы үздік бренд», «Азық-түлік саласындағы үздік бренд», «Инновациялық өндірістегі» және «Туған жер» номинациясындағы үздік бренд» аталымдары бойынша анықталды.

Жеңімпаздарды көшбасшы партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Сұлтанов, «Жасыл болашақ» қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева құттықтады.

null 

Үздіктердің арасында «Ақмола облысының өндіріс саласындағы үздік аймақтық бренді» аталымы бойынша «Тыныс» акционерлік қоғамы мен «ENKI» кірпіш зауыты марапатталды. Ал, «AQMOL» дүкендер желісі мен «Көкшетау сүт зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын өнімдер азық-түліктің үздік бренді деп танылды.

Сондай-ақ, үздіктер қатарында Степногорск қаласында жуырда ашылған «GENOME» компаниясы да бар. Бұл компания косметика шығаруды қолға алып отыр. «Рухани жаңғыру» аталымы бойынша «Ересектерге арналған білім» қоғамдық бірлестігі үздік деп анықталды. Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null 

Соңғы жаңалықтар