Ақмола облысының ауылында заманауи кабинеттері бар мектеп ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Целиноград ауданының Қызылсуат ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ордасының ашылуы салтанатына аудан әкімі Малғаждар Таткеев қатысып, оқушылар мен ұстаздарды осынау қуаныштарымен құттықтады.
null 

120 орындық мектептің құрылысы Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүргізілген. Оны тұрғызуға 423,9 миллион теңге қаржы жұмсалды.
null 

Мектеп кабинеттері заманауи технологиямен жабдықталып, олардың барлығына дерлік интерактивті тақталар орнатылған. Екі лингофонды сынып жұмыс істейді. Еңбек кабинеттері қыз балалардың қолөнерін дамытуға, іс тігуге баулитын жаңа тігін машиналарымен жабдықталған. Бұған қоса, үлкен спорт залы бар.

Нысанның жалпы аумағы 3440 шаршы метрді құрайды.  Ғимарат автономды жылу беру жүйесіне қосылған. Əлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары тегін тамақтандырылатын болады.

Еске сала кетейік, 2010-2017 жылдар аралығында аудан бойынша 18 білім беру мекемесі (9 мектеп және 9 балабақша) пайдалануға берілді. 

null 

Соңғы жаңалықтар