Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 331.00
EUR 390.32
RUB 5.59
CNY 49.94

Ақмола облысының әкімі Фейсбукте жеке парақшасын ашты

Ақмола облысының әкімі Фейсбукте жеке парақшасын ашты
2017 жылғы 11 қараша 10:07 705

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңір тұрғындарына атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, олардың пікірлеріне құлақ асу мақсатында Фейсбук желісінде парақша ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің туризм мәселелері жөніндегі кеңесшісі Марат Иғали хабарлады.

«Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Фэйсбукте өзінің жеке парақшасын ашты. Лайк басуға ұмытпаңыздар, достар!» деп жазды ол.

Ал өңір басшысы өз парақшасында: "Құрметті достар! Facebook-те өз парақшамды ашу ең алдымен жұмыс бабымен қажеттілік туғызды. Ақпараттық ашықтық өңір тұрғындарына Ақмола облысындағы мемлекеттік органдарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болумен қатар өз пікірлерін айтуға да мүмкіндік береді", - деп мәлім етті.

Сонымен бірге, әкім Ақмола облысының Астана іргесіндегі ең ірі ауылшаруашылығы аймағы екенін атап өтті. Елбасының Астана қаласының азық-түлікпен қамту белдеуін одан әрі дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бүгін Астанада "AQMOL" - атты сауда желісінің алғашқы дүкені ашылатынын хабарлады.

"Астана тұрғындары мен қонақтарын 2017 жылдың 11 қарашасында "Нұр Аспан" тұрғын үй кешеніндегі "AQMOL" дүкенінде күтеміз! Мұнда сіздер үшін сапалы әрі қолжетімді бағамен ет, сүт, нан өнімдері сатылатын болады. Алғашында Астанада бұл жобаның үш сауда желісі ашылады, кейінірек дүкендер санын онға дейін арттыру көзделген", - деп өз сөзін толықтырды М.Мырзалин.

Өңір басшысының айтуынша, бастапқыда "AQMOL"сауда желісінде: «Агрофирма «Родина», ЖШС, «Ижевский», КК, «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод», «Торговый Дом «Айна» сияқты танымал ақмолалық кәсіпорын тауарлары қолжетімді бағамен сатылмақ.

 

 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Әкім, Интернет,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер