Ақмола облысындағы «Ханым сүйегі» жер атауы қайдан шыққан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Урюпинка ауылынан батысқа қарай 2 шақырым жердегі орманды жазық дала өңірдің киелі нысандарының картасына еніп отыр.  Бұл жерді жергілікті тұрғындар «Ханым сүйегі» деп атайды. Өйткені, бұл жерде атақты Абылай ханның сүйікті әйелі Өрес ханым жерленген деседі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов айтып берді.

Тарихи деректерге сүйенсек, Қарауыл ақынның сөздері бойынша «Ханым Өрес жолының бойында Дөңгелекқау жолы бар». 1896 жылы Дөңгелекқаудың орнында Урюпинка ауылы пайда болды. Бұл жерге Волгоград аймағының Урюпинка қаласынан қоныс аударған тұрғындар көшіп келді.

Серік Ысқақовтың айтуынша, Шоқан Уәлихановтың жазбаларындағы деректерде Абылай ханның он екі әйелі болған. Абылай хан көп уақытын сүйікті әйелі Өрес ханымға арнағаны айтылады.

«Абылай хан əр жұрттан он екі əйел алған. Қырық қыздың, отыз ұлдың əкесі болған. Хан Алатау мен Оралтау арасында, Түркістан мен Қызылжардың арасында қалың əскермен жортып жүргенде Өрес ханымды алып жүріпті. Абылай ханның əйелінің біреуі ғана қазақ қызы, өзгесінің бəрі қарақалпақ, қалмақ, қырғыз, өзбек, қыздары. Ел мен елді жауластырмайын деп əр жұрттан қыз алған екен. Ендеше осы жол үстінде кенеттен қайтыс болған ханымды Өрес сұлу десек, қателеспейміз», деп түсіндірді Серік Ысқақов.

Жазушы, зерттеуші Жайық Бектұров өз жазбаларында: «Урюпинка ауылының үлкендерінің естеліктерінде Абылай хан батырларымен бір күнге Түркістанға келеді. Ол жолда Талқара өзенінің жағалауына тоқтауға ұйғарады. Ол жер Дөңгелекқаудың жанында орналасқан. Ауыл тұрғандары дәстүр бойынша ерулік дейді. Ауыл жанында үлкен қара жол жатыр Қызылжарға қарай (Қаражолды) кейін адамдар оны Абылай ханның қара жолы деп атап кеткен.

Бұл туралы шындыққа жанасатын аңыз әңгіме де бар. Онда:  Бір күні Абылай ханға Шайқы - бұрқы бақсысы келген. Хан одан «Болашақта мені не күтіп тұр?», деген сұраған екен. Сол кезде бақсы: «О,Ұлы хан, сүйікті әйелің қайтып кетеді, сен оны осы жерге жерле» депті. Бірақ та, Абылай хан бақсының айтқанын елемей одан әрі жүре береді. Кейін әлгі бақсының айтқаны келіп, 25 шақырым жол жүрген соң ханның әйелі Өрес ханым қайтыс болады. Сол кезде Абылай ханға бақсының айтқан сөздері есіне түседі. Сөйтіп, хан бақсы айтқан жерге қайтып оралып, сүйіктісін жерлеген екен. Содан бері бұл жер «Ханым сүйегі» деп аталады (останки Ханым Орес). Сондықтан, жергілікті тұрғындар бұл жерді киелі санайды.

Бұл туралы көптеген әдебиеттерде деректер кезеседі.

1. Бектұров Жайық. Енеден ерте айрылған төл секілді... Алматы. - ЖШС. - «Қазақстан» баспа үйі», 2002. - 446-447 бб.

2. Бекмаханов Е., «Казахстан в 20-40-е годы ХІХ века»: Учебник. - Алма-ата: «Қазақ университеті», 1992г. 400стр.

3. Бөкейхан Ə., Таңдамалы(избранное)/ Гл.ред. Р.Нургалиев. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1995.

4. 11. ҚОММ., 1558-қ., 1-т., 83-іс, «Читателям очерк о Кенесары». Очерк. Машиналық нұсқа. Орыс тілінде. «Этот степной митридат». Последствие к публикации очерка Н.Середы о Кенесары Касымове.

5. Кенесарыұлы А., Кенесары жəне Сыздық сұлтандар/ Қазақша аудармасы, Ғ.Ахмедов,- Алматы: Жалын, 1992.-48 б.

Соңғы жаңалықтар