Ақмола облысында жолаушылар автобусы өртенді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 20 ақпан күні сағат 13:17-де Астрахан селосындағы автовокзал аумағында болған.

«Астана-Астрахан» бағытында қатынайтын «Neoplan» маркалы жолаушылар автобусында өрт шықты. Өрттің аумағы  1 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Мусин.

Қазіргі кезде, өрттің себеп салдары анықталуда.

Фото: © AP Photo / Leo Correa

Соңғы жаңалықтар