Ақмола облысында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар ақшалай сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстандықтардың 25 игі істері» республикалық акциясы аясында «Ақмола облысының спорт тарландары» облыстық спорт форумы өтіп, онда ең үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, облыстық спорт мекемелерінің басшылары және спорт журналистері жыл қорытындысы бойынша диплом және арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Шара басталмас бұрын жиналғандар спорттық жетістіктер паш етілген көрмені тамашалады. Сонымен қатар, әлемдік, халықаралық және республиалық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, еліміздің көк туын желбіреткен ақмолалық спортшылар туралы көркем фильм ұсынылды.
null 

Жыл қорытындысы бойынша 2016 жылдың ең үдік спортшысы ретінде Әлем чемпионы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Дина Жоламан,  «2016 жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымы бойынша Дина Жоламан мен Зарина Цолоеваның жаттықтырушысы Александр Высоцкий лайық деп танылды.

Жеңімпаздарды  Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов марапаттады.

«Барлық спорттық жетістіктер-жергілікті биліктің қолдауының арқасында денешынықтыру-спорт және қоғамдық ұйымдардың, жаттықтырушылар мен спортшылардың ерең еңбегі», деді Н.Нүркенов.

Қажымұқан атындағы сыйлық, ақшалай сыйлықтар мен дипломдар халықаралық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанған 30 астам спортшы мен спорт тақырыбын жазатын БАҚ өкілдері тапсырылды.

Әсіресе, шара барысында спорт ардагерлерінің атына да жылы сөздер айтылды. Оның ішінде шаңғы спортынан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Анатолий Шерстенев және Сергей Копытов «Спорт саласының құрметті қайраткері» төс белгісімен марапатталды. Оған қоса, Ақмола облысы күрес федерациясының президенті  Ораз Шырақпаевқа «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісі берілді.
null 

Соңғы жаңалықтар