Ақмола облысында жоғалып кеткен кейуананың жансыз денесі табылды

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен қарияның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай жақында Қажымұқан ауылының тұрғыны 1941 жылғы Несіп Қадырқызы Рахимоваға іздеу жарияланған болатын.  Қария 16 сәуірде сағат 15:00-дер шамасында нан сатып алу үшін дүкенге кетіп, кейін қайтып оралмаған.

«Қарияны іздестіру шарасына Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен туыстары  тартылды. Нəтижесінде бүгін полицейлер кейуананың жансыз денесін Қажымұқан ауылынан 5 шақырым жерден, теміржолдың бойындағы орманның ішінен тауып алды. Бастапқы мəлімет бойынша кейуана адасып кеткен болуы мүмкін. Сағат 16:25-те мүрде  мəйітханаға жіберілді», деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетерлігі, іздеушілерге Төтенше жағдайлар комитетінің құтқарушыларына тиесілі иісшіл ит көмекке келді. 

null

Соңғы жаңалықтар