Ақмола облысында жоғалған мектеп оқушылары табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы аулында із-түзсіз жоғалған жасөспірімдер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы ата-аналарынан Целиноград аудандық ІІБ-ге 22 сәуір күні арыз түскен.

Жастары 17-дегі екі жасөспірім Қосшы ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары. 17 сәуірден бастап, жасөспірімдер үйлеріне келмеген және мектепке де бармаған. Ата-аналарымен жиі байланысып, өздерінің Астанада жүргендері туралы хабарлаған.

«Жедел іздестіру барысында полицейлер жасөпірімдердің 19 сәуірде Бурабай кентіне дейін жол жүру билетін алғанын анықтайды. Жасөспірімдердің сөзінше, олар курортты аймақ аумағында жалдамалы пәтерде тұрып, интернет кафелерде уақыт өткізген. Қазіргі кезде жасөспірімдер аман-есен ата-аналарының қолына тапсырылды», - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар