Ақмола облысында жетім балаларға жаңа пәтерлер берілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жетім балаларға жаңадан салынған көпқабатты тұрғын үйден 15 пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімдігінің басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдерінің басшылары қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Осы орайда, аудан әкімі А.Қалжанов ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында су жаңа үйден баспаналы болып отырған жетімдерді құттықтап, жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар