Ақмола облысында жемқорлықпен күресуде белсенділік танытқандар марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Достар» мәдениет сарайында Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні қарсаңында «Жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу» әлеуметтік жобасы аясында «Адал жол - Честный путь» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Олжас Бектеновтің қатысуымен шарада биылғы жылдың 1 сәуірінен 9 қарашасы аралығында  облысымыздың барлық өңірлерінде өткен «Адал жол - Честный путь» форумының қорытындылары шығарылып, белсенділігімен көзге түскендер арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Жемқорлыққа қарсы бейнероликтер түсірілімі байқауы бойынша жеңімпаз атанғандардың қатарында Көкшетау қаласындағы №3 көп тілде оқытатын мектеп-гимназиясы, №1 Балкашин орта мектебі бар. Өңірлер арасынан Жарқайың ауданы бірінші дәрежелі дипломмен марапатталса, Есіл және Қорғалжын аудандары екінші, үшінші сатыдан көрінді. ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов жыл басынан бергі қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бағытындағы атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Бүгінгі күнге дейін 33 мыңдай адамды қамтыған 437 шара өткізіліп, мектептерде жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттайтын 195 балалар клубы жұмыс істеп келген.

Қоғамда жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыруға орай форум аясында үндеу жарияланып, оны «Ақмола-Тіршілік» ЖШС директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев оқып берді. Жыл ішінде жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстарына белсене қатысқан бір топ БАҚ өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

null 

Соңғы жаңалықтар