Ақмола облысында «Жас қазақ» әнінің авторына мүсін қойылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында соғыс кезінде шыққан атақты «Жас қазақ» әнінің авторы, жауынгер-композитор Рамазан Елебаевтың мүсіні ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null  

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Степняк қаласында орнатылған мүсіннің ашылуы салтанаттына аудан әкімі Асқар Қиықов, Рамазан Елебаевтың Алматы қаласынан келген жиен қарындасы Қарлығаш Мақатова, соғыс ардагерлері мен өзге де туысқандары және жерлестері қатысты.

Мүсіннің авторы суретші Манарбек Бұрмағанов. Қаражат жергілікті бюджет есебінен алынып отыр.

null 

Рамазан Елебаев 1910 жылы Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Құдықағаш ауылында дүниеге келген. 1928-29 жылдары Орынбор қаласында жұмысшылар факультетінде оқыған.

1930 жылы Алматыда құрылған Қазақ атты әскер полкінде әскери борышын өтеді. Осы полктің маршына айналған «Жолдастар» әнін шығарған. 1931 жылы Қазақ драма театрының актері болды. 1933 жылы қысқа мерзімді сақшылар курсын бітіріп, Лепсі шекара күзетіне қызметке жіберіледі.

null  

1934 жылы Алматы медицина инистутына оқуға түседі. 1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық төл мерекесіне арнап «Қазақстан», 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арнап «Қуанышты жолсапар» әндерін жазады. 1937 жылы жолдамамен Мәскеу консерваториясына оқуға түскен.

1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші-өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады.

null 

Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді. Сол жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі «Жас қазақ» әнін дүниеге әкелді.

2010 жылы Құдықағаш ауылының 80 жылдығына орай Рамазан Елебаев жерленген бауырластар зиратынан бір уыс топырақ әкелініп, әкесі Ержан Елебаевтың қабірінің қасына қойылды.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар