Ақмола облысында Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагері есігін айқара ашты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагері салтанатты жағдайда ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зеренді көлінің жағасындағы «Аврора Гарден» демалыс орнында өткен шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов қатысып құттықтау сөз сөйледі.
null

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай өсіп келе жатқан келешек ұрпақты жастайын тарихи құндылықтарға тәрбиелеуге зор көңіл бөлініп отыр. Осы орайда, бауырлас елдер жастарының арасында тығыз байланыс орнату маңызды. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагері сол үрдістен шығады деп ойлаймын. Қазіргі кезде, Зеренді жерінде төрт елден жиналған 100-ге жуық жастар қатысуда. Бұл лагерь біздің елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Мұнда бауырлас елдердің жастары бір-бірімен тығыз қарым қатынас орнатып, осындай ауқымды шараны жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп отырады деп сенемін», - деді Абзал Нүкенов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша аталмыш лагерь шілде 10-16 аралығына дейін өтпек. Оған Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан жиналған жүзге жуық белсенді жастар қатысуда. Шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп отыр.
null

Шара барысында әр елден келген жастардың өкілдері сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Шара жергілікті жас өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарлама мен «Зерен» демалыс орнындағы «галстуксіз» кездесуге ұласты.

 2 
null

Соңғы жаңалықтар