Ақмола облысында түлкілерге қырғидай тиген браконьерлер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Егіндікөл ауданында 9 түлкіні заңсыз атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 29-шы қаңтарында «ПО «Охотзоопром» РМҚК жұмысшылары мен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері бірлесіп, Егіндікөл ауданы аумағында заңсыз аң аулауды алдын алу бойынша рейд ұйымдастырды.

«Аталған рейд кезінде Жалманқұлақ ауылының маңында қарда жүретін көлікпен (снегоход) аң аулап жүрген екі адам ұсталды. Ұсталғандардың 1963 және 1969 жылы туған Целиноград ауданының тұрғындары екені анықталды. Тексеріс барысында олардың көліктерінен заңсыз атып алған 9 түлкі, ТОЗ-34 12 және МР-155 12 калибрлі мылтық, 20 дана «Феттер» оғы тәркіленді», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, браконьерлердің қоршаған ортаға 153 157 теңге шығын келтіргені анықталып, олардың үстінен ҚР ҚК 337 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар