Ақмола облысында «Туған жер» бағдарламасы аясында жаңа мектеп салынады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Туған жер» бағдарлама аясында жаңа мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі əкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Мəлік Мырзалин жұмыс сапарымен Целиноград ауданында болып, Қосшы ауылындағы №2  орта мектепте соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

Ағымдағы жылы аталмыш білім ордасынан 76 оқушы түлеп ұшпақ. Оның 4-уі «Алтын белгіге» үміткер.

Оқушылар мен олардың ата-аналары жəне ұстаздар алдында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы түлектерге дұрыс  таңдау жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойып отырған міндеті еліміздің дамуына сүбелі үлес қосатындықтарына сенім білдірді.

Шарада аймақ басшысы облыстағы қоғамдық-мəдени  жəне спортық шараларға белсенді қатысып жүрген ұстаздар мен оқушыларға 500 «ЭКСПО-2017» билеттерін тапсырды.

Осы күні Мəлік Мырзалин Қосшы ауылында жеке инвесторлардың қаражатына салынатын жаңа мектептің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысты.

«Бұл Елбасының «Туған жер» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанының жарқын үлгісі», дей келе аймақ басшысы мектептің құрылысының маңызды іс екенін атап өтті.

Мердігер «Қазына-SR»  ЖШС директоры С.Матайбаевтың айтуынша бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі шеңберіне бой көтеретін білім ордасы 200 оқушыға арналған. Ғимаратта ағылшын тілі терең оқытылатын 12 сынып пен секция, үйірме бөлмелері қарастырылған. Жобаның құны 350 миллион теңгені құрап отыр. Құрылыс жұмыстары тура бір жыл өткен соң аяқталып, білім ордасы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 

Соңғы жаңалықтар