Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Ақмола облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Ақмола облысында терроризмге қарсы  оқу-жаттығу өтіп жатыр
2017 жылғы 16 қыркүйек 10:06 639

АСТАНА. ҚазАқпарат -16 қыркүйекте терроризмге қарсы күресу жөніндегі астаналық жедел штабы мен Ақмола облысының аудандық жедел штабтары бірігіп, жоспарлы жедел-тактикалық жаттығу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаттығу Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында өтуде.

Іс-шараның мақсаты - Астана маңындағы тұрақты мекенжайларда террористік көріністерге шұғыл әрекет жасау бойынша міндеттерді орындауда жедел штабтардың күштері мен құралдарының даярлығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу аясында іс-қимыл дағдылары, сондай-ақ терроризм актілері салдарын  барынша төмендету және жою бойынша іс-шаралар өңделуде.

Оқу-жаттығу әртүрлі қиын элементтермен жауынгерлік жағдайға жақындатылған. 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Терроризм және экстремизмге қарсы күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер