Ақмола облысында тексеру комиссиясының басшысы қызметкеріне қол көтерген

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қарамағында қызметкерін ұрған Ақмола облыстық тексеру комиссиясы басшысының міндетін атқарушы жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметі бойынша,  2018 жылы 1 наурызда Көкшетау қалалық сотында Ақмола облыстық тексеру комиссиясының басшысы Д.Алтаеваға қатысты сот отырысы өтті.

Сотта анықталғандай ағымдағы жылдың 1 ақпанында Ақмола облыстық тексеру комиссиясының қызметкері А. Әйткенова өзіне шығарылған тәртіптік жазаға келіспей басшысы Д.Алтаевамен жаға жыртысып қалған. Нәтижесінде Д.Алтаева қарамағындағы қызметкердің киімінен жұлқылап, сол жақ омырауы тұсынан тырнап алған. Алайда, Д.Алтаева сотта өзінің қылмысын мойындамады.

«Сот шешімімен Д.Алтаева ҚР ӘҚбК 73-1 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылып,  25 253 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама өндірісіне жұмсалған 8 151 теңге көлемінде қаржыны жергілікті бюджет есебіне өнідіріп алу туралы шешім шығарылды», деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар