Ақмола облысында тарихи-мәдени мұра нысандары кодталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық мәдениет басқармасы жанындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану бойынша орталықтың ұйымдастыруымен «Ескерткіштер сыр шертеді» акциясы және қазіргі заманғы технология QR-кодтардың  көмегімен өңірдегі киелі нысандар туралы ақпаратты цифрландыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметі бойынша акция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қолға алынып отыр. Бұл өңірдегі көрікті жерлер туралы мәліметтердің облыс тұрғындары мен қонақтарына және туристер үшін қолжетімді болуына септігін тигізбек.
null

«Аталмыш жоба елімізде Павлодар және Ақмола облыстарында ғана жүзеге асырылып отыр. QR-кодтың басты артықшылығы ол смартфондағы мобилдік қосымша арқылы цифрландырылған ақпаратты анықтауда жеңіл. Яғни, QR-кодтары бар кесте арқылы өңірдің тарихи және мәдени нысандарымен танысуға болады. Сондай-ақ, онлайн жүйе арқылы қажетті ақпаратты да жүктеуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер.
null

Оған қоса, QR-кодтар арқылы негізгі тарихи мәліметтер бар мәтіннен бөлек, тарихи тұлға мен оқиғалар туралы көркем фильм жүктеуге болады. Аталмыш жоба облыс тұрғындары мен қонақтары және туристерден бөлек, танымдық жағынан өсіп келе жатқан келешек ұрпақтың да қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.

«Ақмола облысындағы киелі 1032 тарихи және мәдени ескерткіштің әзірге 20 ғана туралы ақпарат QR-код арқылы цифрландырылған. Олардың арасында Бурабай кентіндегі Абылайхан алаңы, Ерейментау ауданында XVIII ғасырда өмір сүрген қолбасшы, Бөгенбай батыр ескерткіші, Атбасар ауданындағы танымал жазушы Ілияс Есенберлин ескерткіші, Көкшетау қаласындағы Абылайхан, Ақан сері, Біржан сал, Ұлы Отан соғысының батырлары Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллин  ескерткіштері және  Көкшетау қалалық мұражайы бар», деп көрсетілген хабарламада.

Алдағы уақытта өңірдегі өзге де тарихи-мәдени ескерткіштерді кодтау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар