Ақмола облысында тағы бір аудан әкімі тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен ротациялық тәртіп негізінде Ермек Нұғыманов Біржан сал ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Бекенұлы Нұғыманов 1957 жылы бұрынғы Целиноград облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Көкшетау облысы Уәлиханов ауданындағы «Золотая нива» кеңшарының механизаторы болып бастайды.
null 

Әр жылдары облыстың жергілікті атқарушы органдарында жауапты қызметтер атқарды. 2004-2012 жылдар аралығында Жақсы және Бұланды аудандарының әкімі болды. 2012-2014 жылдары Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында басшылық қызметтер атқарды. Қазіргі кезге дейін Ерейментау ауданының әкімі қызметінде болды.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Егіндікөл ауданының жаңа әкімі тағайындалған болатын.

Соңғы жаңалықтар