Ақмола облысында ресейлік жүк көліктер соқтығысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тас жолының бойында ресейлік екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жол апаты 14 ақпанда Зеренді ауданының Алексеевка ауылы маңында орын алған.

«Астана-Петропавл» тас жолының 329 шақырымында Көкшетау қаласына бағыт алған МАЗ жүк көлігі алда жүріп келе жатқан МАЗ көлігінің артынан соқты. Жол көлік оқиғасына себепкер жүргізуші Ресейдің Қорған облысы Петухова ауданының 1961 жылы туған тұрғыны екені анықталды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Жол апатынан 49-жастағы жүргізуші түрлі жарақатпен Ақмола облыстық аурханасына жатқызылды.

Кейін екінші жүк көліктің де Ресейдің Қорған облысынан екені анықталды.

Соңғы жаңалықтар